Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде ұлттық музыкалық аспап күніне орай «Күмбірле, қоңыр домбыра» атты көрме ашылды. Мұнда Жаяу Мұса, Ахмет Жұбанов, Күләш Байсейітова, Қаныш Сәтпаев сынды мәдениет, ғылым және өнер қайраткерлері ұстаған тарихи аспаптар қойылды. Мұражай қоры тағы бір құнды жәдігермен толықты. Еліміздің Халық әртісі Секен Тұрысбек 30 жыл бойы серік еткен домбырасын музейге табыстады. Жалпы музейде 200 астам астам музыкалық аспап сақталған. Соның 60-ы домбыра. Көрме аясында қазақ күйінің құдіреті мен домбыраның тылсым үні көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. Қос ішектен төгілген саз – өткеннің аманаты, келешектің үні.  

Секен Тұрысбек, Күйші, Қазақстанның халық әртісі: 

- Кешегі үнді қазір де аңсайсың, іздейсің. Сондықтан келешек ұрпаққа осы қара домбыраның үлгісі ретінде өзімнің домбырамды орталық музейге ұсынғым келеді. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?