Қазақстанда
жылдық инфляция баяулады. Шілдеде ол 14%, ал ай сайынғы инфляция - 0,6% құрады. Мұндай жағдай
еліміздің барлық өңірлдерінде байқалады. Бұл ретте жылдық инфляцияның ең
жоғары мәндері Астана, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында тіркелді. Бұндай мәліметтерді
ел Ұлттық
банкі жариялады. Айта кету керек, азық-түлік бағасының өсімі 13,5%-ке дейін төмендеген. Осы
топтағы тауарлардың бағасы Ұлытау облысында барынша тез, ал Атырау облысында мейілінше
баяу өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 15,0%-ке дейін
баяулады. Дегенмен,
өткен айда ақылы қызмет құны сәл көтерілді.