Қазақстанда биыл 23,7 млн гектардан астам алқапқа дәнді дақылдар егіледі

Қазақстанда биыл 23,7 млн гектардан астам алқапқа дәнді дақылдар егіледі

Қазақстанда биыл егіс алқабының көлемі 23,7 млн гектарға жетті. Бұл өткен жылдан 413 мың гектарға көп. Үкіметте көктемгі дала жұмыстарының барысы пысықталды. Сала министрінің дерегінше, ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру ісі жүйелі түрде жүргізілуде. Бидай алқабы қысқарып, есесіне азықтық және майлы дақылдар егіні ұлғаюда. Қауырт маусымға техника да сақадай сай. Шаруаларға құны нарықтан 15% арзандатылған дизель отынының 400 мыңнан астам тоннасы бөлінді. Биыл тыңайтқыштар мөлшері де үштен бірге өскен. Жер емген ауыл еңбеккерлеріне көктемгі науқанға ерте қамдануы үшін 385 млрд теңге жеңілдетілген несие берілді. Осының арқасында отандық диқандар тұқым қорын толықтырып, тыңайтқыш, жанар-жағармай мен ауыл шаруашылық техникасын қолайлы бағамен алып үлгерді.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:

- Биыл мемлекеттік қолдау көлемі едәуір ұлғайды. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 700 млрд теңге, жеңілдетілген лизинг бағдарламаларына 200 млрд теңге бөлінді. Бұл ретте қаржыландыру тек қана тиімді әрі адал өндірушілерге берілуі тиіс. Әкімдіктерге бюджет қаражатын мақсатты және ұтымды пайдаға асуына тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырамын.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?