Қазақстан мұнай өндіруді одан әрі төмендету бойынша консультацияларды жалғастыруда

Қазақстан мұнай өндіруді одан әрі төмендету бойынша консультацияларды жалғастыруда

Қазақстан мұнай өндіруші компаниялармен бірлесіп, ОПЕК+ алдындағы міндеттемелердің сақталуына мониторинг жасау және кеңесу жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады. Айта кетейік, еліміз бұған дейін өндірісті тәулігіне 78 мың баррельге ерікті қысқарту мерзімін 2024 жылдың желтоқсан айының соңына дейін ұзартатынын хабарлаған болатын. Картельге қатысушы өзге елдер де мұнай өндіру көрсеткішін төмендетпек.