Қазақстан астық пен ұнды елден шығаруды шектеуді алдағы қыркүйек айына дейін ұзартуы мүмкін. Бұл туралы елдің ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді. Ол атап өткендей, өнімнің осы түрлерін, сәйкесінше 1 миллион және 300 мың тоннаға дейін экспорттауға қатысты бекітілген квота 15 маусымға дейін қолданылады. Бұл мерзім күзге дейін шегерілуі ықтимал.
Ербол Қарашөкеев, ҚР ауыл шаруашылығы министрі:
– Квота ұзартылады. Оның мерзімі 15-ші маусымда аяқталады. Біз шамамен осыған сәйкес 1 миллион тонна астық алатын боламыз. Осы уақыттың ішінде бидайдың 40%, ал ұнның 70% таңдап алынды. Қазір біз осыған қатысты шешім қабылдап, талдау жүргізіп жатырмыз.
Ауыл шаруашылығы министрлігі басшысының айтуынша, ұн және бидаймен қатар тауарлардың өзгеде бірқатар түріне шектеулер бар.
Ербол Қарашөкеев, ҚР ауыл шаруашылығы министрі
– Қазіргі уақытта бізде етке де квота бар, яғни сыртқа шығаруға шектеу қойылған. Бұл тыйым күнбағыс майына да қолданылады. Картопқада осы талаптар қарастырылған. Квоталар шамамен 360-350 тоннаның төңірегінде. Бұл баж салығынсыз қант шикізатын немесе таза қантты тікелей тасымалдауға да қатысты. Сондықтан да қазір 250 мың тонна квота бөлінген. Біріншіден, квотаны тарату кезінде біз 120-125 мың тонна бөлдік. Ол қант зауыттары мен өндірушілерге берілді. Екінші бөлу жақында болды. Ол 120 мың тонна. Оған қант тасымалдайтын трейдерлер қосылды.
Салалық министрліктің болжамынша, биыл ел қамбасына 13-13 жарым мың тонна астық жиналады. Егін шығымы былтырғыдан 15%-ке жоғары болады деп күтілуде. Диқандар биылғы көктемгі егіс науқанын уақтылы аяқтап, топырақта жиналған ылғалды сақтау бойынша кешенді шараларды қолға алған. Маусымда ауа-райы да қолайлы болады деп болжануда.