Қазақстанда барлық азаматтар үшін онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтік зертеулер қолжетімді болады. Ол тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтердің тізбесіне енгізілмек. Қатерлі дертті ерте бастан анықтау қазақстандықтардың денсаулығын жақсартып, талайдың өмірін арашалап қалуға жағдай жасайды. Бұл шамамен 3 жарым млн ел азаматын қамтитын тың өзгеріс болмақ. Осы және өзгеде түзетулер денсаулық сақтау саласы және ойын бизнесіндегі артық регламенттерді алып тастау мәселелері жөніндегі заң жобасында көзделген. Құжатты мәжіліс депуттаттары екінші оқылымда қабылдады. Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу институттарына резидентураны даярлау, ал бейінді бағыттар бойынша докторантураны арнайы бағдарламалар арқылы медициналық ЖОО бірлесіп оқыту құқығын беруге бағытталған түзетулер енгізілді. Құжат Сенат қарауына жіберілді.
Дәулет Мұқаев, ҚР Парламенті
Мәжілісінің депутаты:
- Депутаттар есту қабілеті бұзылған адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету және медециналық айғақтар бойынша мүгедектігі жоқ адамдарды әкімдіктер жергілікті бюджет есебінен протездік есту құралы көмегімен қамтамасыз ету, сондай-ақ букмекерлік кеңселерді немесе тотализаторларды жарнамалау бөлігінде заңнаманы қатаңдатуға бағытталған түзетулер енгізді
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

