Өткен тәулікте Оңтүстік Кореяда 170 мыңнан астам адамнан қауіпті инфекция анықталды. Осылайша елде коронавирус жұқтырғандар саны бойынша тәуліктік рекорд тағы да жаңарды. Мұндай күрт өсім қаңтардың ортасынан бері омикрон штамының таралуымен байланысып отыр. Сондай-ақ ауыр жағдайдағы науқастар саны да өсті, қазіргі уақытта 500-ден аса адамның ахуалы ауыр деп бағаланып отыр. Бұған дейін Оңтүстік Кореяда 5-тен 11 жасқа дейінгі балаларды иммундау үшін pfizer препараты мақұлданған. Жалпы алғанда тұрғындардың 86% астамы егілген.
Сон Янг Раэ, Денсаулық министрлігінің өкілі:
- Омикрон штамы дельтaға қарағанда жұқпалы, бірақ қауіпті емес екені анықталды. Сондықтан карантин тұжырымдамасы расталған жағдайларды емес, қауіпті топтарды бақылау арқылы ковидтің ауыр және өлімге әкелетін жағдайларын азайтамыз.