Қазақстан АӨК өнімдерінің экспортын арттырады

Қазақстан АӨК өнімдерінің экспортын арттырады

Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруда. Жыл басынан бері астық жеткізілімінің өсуі және тасымалдау нарқы ұлғайған. Атап айтқанда, біздің арпаны Иран қайтадан сатып ала бастады. 10 айда елге 710 мың тоннасы экспортталды. Бұл бұрынғы көрсеткіштерден 69% артық. Жүгері жеткізу көлемі де бірден бір жарым есеге еселенген. Ираннан басқа біздің республикадан Тәжікстан және Өзбекстан елдері 117 мың тонна дақылды импорттаған. Шетелде отандық жасымыққа да сұраныс жоғары. Бүгінде оның экспорты 80 мың тоннаға жетіп, 7 есеге ұлғайды.

Бұл ретте оның басым бөлігі Еуропалық мемлекеттеріне тиесілі. Сонымен қатар Қазақстан Қытайға май өнімдерін экспорттау бойынша рекорд жаңартып, АҚШ валютасында 250 млн жеткізуді көздеп отыр. Қазақстанның май зауыттары Шанхайда өткен Қытай халықаралық импорт көрмесінде 56 млн долларға келісімшартқа отырды.


Әсел Күшенғалиева