Қазақстан астанасы экспорттық әлеуеттін арттыруда. Ұлттық статистика Бюросының алдын ала алынған мәліметіне сүйенсек, Елордадағы өңдеу өнеркәсібі өнімдерін жеткізу көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 есеге артып, 228 млн доллардан асып отыр. Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаевтың айтуынша, 2021 жылы қаланың жақын және алыс шетелдермен тауар айналымы 11 млрд долларды құраған.
Ержан Балтаев, Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту Басқармасының басшысы
– Бұл жалпылай алғанда қала үшін жақсы көрсеткіш. Біз талдау жүргізген кезде, шикізат экспорты басымырақ екенін байқадық. Яғни, бізде мұнай өндіруші кәсіпорындардың, тау-кен компанияларының бас компаниялары бар. Сондай-ақ, дайын өнім экспорты 70 процентке жуық компанияның үлесіне тиеді. Егер зерттеп көрсек, бізде Ресей мен Әзербайжанға локомотивтер экспорты жүруде, вагондар, тыңайтқыштар, құрылыс қоспалары, есептеуіш құралдар экспорты жолға қойылған, сондай-ақ бұл қатарда әскери техника да бар.