Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтілді. Бұл дата кездейсоқ
таңдалған жоқ. Дәл осы 1-ші наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Осылайша,
елімізде бұл мереке 2016 жылдан бері жаппай тойланады. Бүгінде Қазақстанның көк
туы 120 астам ұлт пен ұылысты ұйыстыруда. Бір шаңырақ астында қаймағы бұзылмай бірлігі
жарасқан халықтың бейбіт тірлігіне сызат түспей келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев осы
бірлік пен ынтымақ сын-қатерлерді еңсеріп, біртұтас елдің игілігі қамында жұмыс
жасап келетінін атап өтті. Дәл осы құндылықтар жалпыұлттық бірегейліктің
ажырамас бөлігіне айналды. Бұл күні барлық қазақстандықтар өз ағайын, туыс,
бауырға, отандастары мен еліне алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін жолдайды.
Закиржан Кузиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Бұл күні – өткенге тағзым етіп, болашаққа сеніммен қарауға шақыратын мереке. Көптеген халықтар тағдырдың тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударылды. Қазақ халқы өзгені өзіндей көріп, қонақжайлық таныты, нанмен қарсы алды. Сол қиын-қыстау кезде күштеп жер аударылған халықтардың бауыр басып қалған қайырымды ұрпағы қазақ халқына алғыс айтуы керек. Қазақстан халқы Ассамблеясы баршамызды бір мүддеге ұйыстырған киелі шаңырақ. Достық ұйымының 30 жылдығының аясында жалпы ел аумағында мыңға тарта ауқымды іс-шара өтеді.
– Қазақстанда өмір сүріп жатқаныма 70 жыл болды. Осы құтты жерді мекен ету
бақыты бұйырғаны үшін елге, үлкен рахмет айтқым келеді.
- Жалпы елге, халыққа алғысым шексіз. Жанымда жан серік болып, өмірге бірдей араласып, осындай отбасы болып, бала-шағалы болып, осындай өмір сүріп жатқанымызға алғыс айтамын.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

