Қазақстанда алғаш рет халықаралық Sunremo Junior байқауының ұлттық кезеңі басталды. Оның жеңімпазы, яғни гран-при иегері келер жылдың сәуір айында Италияда өтетін балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлемдік ән додасында еліміздің намысын қорғайды. Жаһандық сынға Қазақстан атынан бас жүлде иегерімен қатар үш жас санаты бойынша тағы 9 бала қатыса алады. Жарыс 6 мен 9, 10 мен 12 және 13-тен 15-ке дейінгі жас аралықтарында өтеді. Әрбір лекте үздік үштікке іліккендері итальялық сахнадағы ақтық шоуда өнерін паш етеді. Қазақстандық жас күміс көмей әншілер беделді байққау көрермендеріне 15 минуттық қойылым ұсынады. Ұйымдастырушылар ұлттық байқаудың үш кезеңде өтетінін айтады. Ең алдымен үміткерлер онлайн, кейін оффлайн түрде іріктеледі. Бұл кезеңге Қазақстанның жер жерінен жиналған 50 жас әнші өтеді. Олар өзара байқаудың ақтық сынының жолдамаларын сарапқа салады.
Айман Мұсақожаева,
Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры:
-Sanremo Junior
байқауының міндетті шартының бірі - барлық қатысушылар симфониялық оркестрдің
сүйемелдеуімен өнер көрсетулері керек. Әлемдік
деңгейде танымал талай синглдар мен әндер айтылады. Сондықтан біз оларды осы материалмен
қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл қазақстандық дарындардың балаларға арналған аса
беделді байқауда өнер көрсетуі үшін берілген тамаша мүмкіндік. Оларды 2-ші наурызда Бейбітшілік және келісім
сарайына дайындыққа шақырамыз. Ал 3-ші наурызда ресми телешоу ұйымдастырылады.