«Nur Otan» партиясының «Аманат» деп ауысуы – ұйымда болатын ауқымды өзгерістердің басы ғана. Қазақстандық сарапшылар осындай пікірде. Олардың айтуынша, партиядағы өзгерістерді оның басшылығының қоғам пікіріне құлақ асқандығын және халықпен диалог орнату жұмысын одан әрі жандандыруға ниетті екенін көрсетеді.
Жұлдызай Ысқақова, Қазақстан қоғамдық даму институтының сарапшысы:
- Партияның мықты тұсы – оның институционалдық базасы, әрі электораты өте кең. Әлсіз тұсы – «Nur Otan» партиясының шектен тыс бюрократизациялануы және халықтың мүддесін білдірмеуі. Мұны қаңтар оқиғасы анық көрсетті. Енді партия мен саяси партиялар көбейеді деп ойлаймыз. «Nur Otan» партиясының партия мүшелерін сақтап қалуы және белсенді жұмыс істеуі үшін өз көзқарасын өзгертуі қажет.
«Аманат» партиясы өз ұстанымдары мен жұмыс тәсілдерін жаңғырта бастағаны құптарлық іс. Еуразиялық интеграция институтының директоры Оразғали Селтеевтің айтуынша, партия жұмысы коммуникацияны құрудан бастап, тиімді нәтижелерге бағытталуы керек.
Оразғали Селтеев, Еуразиялық интеграция институтының директоры:
- Қазір маңыздысы партия мен электорат, орталық аппарт пен филиалдар, депутаттар мен халық арасындағы байланысты арттыру. Айтқым келгені, жұмыс саяси ұйымның атауы мен логотипін өзгертумен шектелмеуі тиіс.