2035 жылы Қазақстанда электр қуатының тапшылығы 40%-ті құрайды. Тозығы жеткен жабдықты пайдаланудан шығаруға байланысты отандық электр жүйесі 8 гигаваттан астам қуатын жоғалтады. Айта кетейік, мамандар жабдықтың жартысынан көбі 2020 жылы жарамсыз болып қалғанын хабарлады. Сондықтан сала мамандары АЭС құрылысы – электр энергиясы тапшылығын шешудің басты жолы дейді.
Тимур Жантикин, «Қазақстандық атом электр станциялары» АҚ БАС Директоры:
– Осы 6 технологияның ішінен техникалық-экономикалық негіздемені жалғастыру үшін бізге нақты біреуін таңдау керек. Бұл құжат бірінші кезеңде тұрып қалды, өйткені станцияның орналасқан жеріне, нақты станцияға байланысты міндеттеме бар. Ал, инженерлік-іздестіру жұмыстары қазірдің өзінде станцияның нақты жобасымен жүргізіліп жатыр.