Қазақстанда жасыл сутегі өндірісі саласында 50 млрд долларға ірі жоба іске қосылуы мүмкін

Еуропалық компания жалпы құны 50 млрд доларға бағаланған жобаға инвестиция құюға ниетті. Маңғыстау облысының әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, қазір алдын ала техникалық-экономикалық негіздеме дайын. Қазір инвестиция алдындағы зерттеулер жасалып, нысан аумағында геологиялық-геофизикалық ізденістер, сондай-ақ Каспий теңізінің суына талдау жүргізілуде. Жобаны 2026-2032 жылдар аралығында іске асыру жоспарланған. Зауыттың қуаты 40 ГВт болады деп күтілуде. Шикізат ретінде жылына 2 млн тоннаға дейін экологиялық таза сутегі пайдаланылады, одан әрі 11 млн тонна таза аммиак шығарылады.