Берлинде қазақстандық студенттердің VIII форумы өтті. Қазақ елшілігі ұйымдастырған кездесуге жастар Германияның түкпір-түкпірінен жиналды. Қатысушылар дипломаттармен, олардың қызметімен жақын танысып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар форум аясында «Әлем мойындаған Қазақстан» атты фотокөрме ұсынылды. Суретші еңбектерінен қонақтар ұлы даланың әдемі пейзаждарын тамашалай алды. Студенттер форумы спорт жарыстарына ұласты. Алдағы уақытта қазақстандық студенттер неміс жастарын да осындай жиындарға шақырып, Қазақстанның бай мәдениетімен таныстыруды жоспарлап отыр.
Назерке, Гумбольдт университетінің студенті:
- Форум Берлинде өтіп жатса да, студенттер түрлі ЖОО-дан жиналды. Біз осыған қайран қалдық. Мұндай басқосу қазір өте маңызды, себебі індеттен кейін аралас-құраластық азайып қалды. Осы форумның арқасында студенттер бір-бірімен танысып, білісіп, айнымас достарға айналады деп ойлаймын. Мен үшін бұл өте маңызды. Германияда жүріп өз туған ортамды тапқандай болып жүрмін.