Қазақстанда француздық «Идеялар түні» өтті

Қазақстанда француздық «Идеялар түні» өтті

Қалалардың тұрақты дамуы, баламалы энергия көздері мен жасыл экономика саясатын жетілдіру және қоршаған ортаны қорғау. Қазақстан, Франция мен Германияның философтары, ақын-жазушылары, ғалымдары мен зиялы қауым өкілдері «Идеялар түні» шарасына қатысты.

Жүздеген сарапшының басын бір тұғырнамада қосқан дәстүрлі шараға әлемнің жүзден астам елдері атсалысты.

Айта кетейік, бұл француздық бастама жыл сайын түрлі сала мамандарын жиятын пікірталас алаңына айналды. Онда сарапшылар баршаға ортақ өзекті деген сан-алуан жаһандық мәселелердің шешімін іздейді. Бұл – осымен алтыншы жиын. Тек бұл жолы эпидемиологиялық ахуалға орай алғаш рет онлайн режимінде ұйымдастырылды. Талқылаулар француз, ағылшын және орыс тілдерінде өтіп жатыр. Көтерілген тақырыптар аясы да кең. Кешенді бағдарламаға экологиялық тепе-теңдік, адамның қоршаған ортаға деген көзқарасы, урбанистика, биологиялық әралуандылық пен жасанды ақыл-ой.   

АЛЕКС БОРТОЛАН, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФРАНЦИЯ ЕЛШІСІНІҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСШІСІ:

 - Жыл сайын қатысуға ниет танытқандардың қатары артып, шараның географиялық аясы кеңейіп келеді. Біз бұл жолы урбанистика, сәулет және табиғат пен қоршаған ортаны қорғау салаларының үздік мамандарын шақырдық. Өйткені бұл тақырыптар жаһандық деңгейде аса өзекті болып тұр. Бұл тек Франция, Қазақстан және Германия елдеріне ғана қатысты мәселелер емес.  

Авторы: Жеңіс Ермұқанов