Токио Олимпиадасы: Ұлттық құрама қоржыны тағы бір қоламен толықты

Токио Олимпиадасында Ұлттық құрама қоржыны тағы бір қола медальмен майланды. Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев 91 келіден жоғары салмақта жартылай финалда АҚШ спортшысы Ричард Торрезбен қолғап түйістірді. Жерлесіміз шешуші кезеңде жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмай, сарапқа салынған соңғы сынның жолдамасын жіберіп алды.

Еске салсақ, Ұлттық құрама қоржынына Қамшыбек Қоңқабаевтан бөлек, дзюдошы Елдос Сметов, зілтеміршілер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола алқа салды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов