Әзербайжанда Абайға арналған пошта маркалары шығарылды

Бакуде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың мерейтойына орай шығарылған пошта маркалары таныстырылды. Олар Испаниядағы Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының бастамасымен жасалған болатын.

Халықаралық ауқымды аудиторияны Түркі әлемінің көрнекті тұлғасының шығармашылығымен таныстыру, қазақ әдебиеті мен мәдениетін әлемде насихаттауды көздеген шара Абай шығармашылығына арналған концертке ұласты.

Гюнай Эфендиева, Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті:

- Түркітілдес елдердің бәрінде Абайға деген құрмет өте үлкен. Себебі біздің тамырымыз бір, тарихимыз бір. Әзербайжан Президентінің тапсырмасымен ел астанасындағы көшелердің біріне Абай Құнанбаевтың есімі берілді. Сонымен қатар Бакуде Абай атындағы мәдени орталық та бар. Бауырлас елдердің барлығында Абайға ескерткіш орнатылған.