Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран және Үндістан елдерімен еркін сауда аймағын құру жолдары Санкт-Петербург халықаралық форумында талқыланды. 2020-шы жылы одақ пен Иран арасында сауда айналымы 18,5% өсіп, 3 млрд долларға жуықтаған. Ал биылғы жылдың алғашқы тоқсанында бірлестік елдерінің Иранға экспорты 43,5% артты. Сондай-ақ сарапшылар ірі инфрақұрылымдық жобаларға тоқталды. Оның ішінде Солтүстік-Отүстік көлік дәлізін дамыту мәселесі қаралды.
Қайрат Келімбетов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:
- Біз түрлі сауда жолдарын байланыстырушы роль атқарамыз. Біз үшін экономикамыз әртараптандырылып, түрлі саламен байланыста болғаны маңызды. Мысалы, Еуропалық Одақ, Қытай және Еуразиялық экономикалық одақпен. Мұның барлығы еліміздің дамуына, шикізаттық емес экспорттың артуына мүмкіндік береді. Бұл біздің басты стратегиямыз.