Қазақстанда 14 мамырдан бастап утиль алым төлемдерінің жаңа мөлшерлемесі енгізіледі. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. Осылайша, автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникалары үшін төлем коэффициенті екі есеге қысқарды. Қазір мөлшерлеме 150 мың теңгеден сәл жоғары. Утиль алым құнының өзі қозғалтқыш көлеміне байланысты есептеледі және екі жүз мыңнан бір миллион теңгеге дейін өзгереді. Айта кетейік, бұған дейін әкелінген машиналар ескі мөлшерлеме бойынша есептеле береді.