Қазақстанда ғылым саласын қаржыландыру 3 есеге артты

Қазақстанда ғылым саласын қаржыландыру 3 есеге артты

Қазақстанда Цифрлық университет моделін әзірленуде. Бұл туралы президентке Ғылым және жоғары білім министрі баяндады. Саясат Нұрбек Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 3 жылдық тұжырымдамасы қабылданғаны туралы да айтты. Құжат аталған саланы өркендетудің стратегиялық міндеттері мен көрсеткіштерін айқындайды. Министрдің айтуынша, әлемдік білім беру кеңістігінде белсенді ілгерілеп келе жатыр. «QS» (Quacquarelli Symonds)  рейтингіне 21 жоғары оқу орны, ал «Times Higher Education» рейтингіне 4 университет енді. Сонымен қатар жыл соңына дейін елімізде сегіз жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары жұмыс істей бастайды. Бұдан бөлек халықаралық компаниялармен бірлесіп, жасанды интеллект саласында кадр даярлау ісі басталды. Саясат Нұрбек бүгінгі таңда Ұлттық ғылым академиясының да рөлі күшейіп келетін айтты. Қазіргі таңда Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес өз жұмысын бастап кетті. Іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми-зерттеу институттары тікелей қаржыландырылатын болды. Ғылым саласының 2023-2025 жылдарға арналған жалпы бюджеті 3 еседен аса артып, 643 миллиард теңгені құрады.

Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары білім министрі:
- 4 негізгі өнерлік университеттерінде инженерлік арнайы орталықтар ашылмақ, 15 университеттердің негізінде академиялық және зерттеу үлкен орталықтар ашылады. Зертханалармен жабдықтау процессіне қаржыландыру бөлінді. Жаңадан қабылданып жатқан заң аясында ғылым және технологиялық саясат аясында ғалымдарды қолдау, инфрақұрылым, ғылыми инфрақұрылым, зертханалар және қаржыландыру мәселелері, бизнесті коммерцияландыру және ғылымға тарту тетіктері көзделген.