Бұған статистикалық деректер дәлел. Мәселен, биыл бұл саланың көрсеткіші бірден екі есеге жуық артқан. Тек бір тоқсанда ғана 24 млрд теңгеден артық сомаға қызмет көрсетілген. Финпром.kz порталының мәліметінше, бұл көлемнің 18 млрд теңгесі жаратылыстану және техникалық ғылымдардың үлесіне тиесілі. Нәтижесінде бір жылдық өсім 70% құрады. Оның ішінде геологиялық салада ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға 5 млрд 300 млн теңгеге қызмет көрсетілген. Сондай-ақ биотехнологиялық ғылыми және тәжірибелік зерттеулер бағытында шамамен 2 млрд теңгеге жуық қызмет түрі ұсынылды. Ал қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы жұмыс көлемі 6 млрд теңгені құрап, бір жыл бұрынғыдан екі есе өскені байқалады. Саладағы қызметтердің жалпы көлемінің көп бөлігі елдегі үлкен шаһарлардың үлесінде. Сарапшылардың есебінше, үштен екісінен астамы тек Алматы мен Астана қалаларына тиесілі. Сәйкесінше, 10 және 6 млрд теңгеден жоғары болды.