Astana AI Film Festival байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Astana AI Film Festival байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Қазақстанда Astana AI Film Festival бірінші халықаралық байқауына өтінімдер қабылдау басталды. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен командалар да, жеке креаторлар да қатыса алады. Сайыста жас және біліктілік шектеулері жоқ. Тіпті туынды тілін еркін таңдауға рұқсат - тек ағылшын субтитрлерінің болуы жеткілікті. Қатысушыларға қойылатын басты талап - full AI технологиясын пайдаланып фильм жасау, мұнда жасанды интеллект фильмді өңдеудің көмекші құралы емес, туындынының негізі болып табылады. Қысқа метражды фильм 10 минуттан аспауы тиіс, дайын бейнематериалды сипаттамасымен қоса фестиваль платформасына жүктеу қажет. Айта кетейік, фестивальге қатысу үшін aaiff.ai сайтында 15 тамызға дейін тіркелу қажет. Негізгі шара 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтеді. Ұйымдастырушылар байқауға 50 шақты елден 3 мыңнан астам адам қатысады деп болжап отыр.

Алмас Жәли, Фестиваль ұйымдастырушысы:

- Біз үшін фестиваль аясында үш маңызды критерий бар. Бұл сторителлинг, тұжырымдама және синематография. Туындының қалай жасалғаны, бейненің көрінісі, сюжеттің иірімі, жалпы тұжырымдамасы бағаланады. Осы үш өлшем бойынша финалдағы 25 жұмыстың ішінен жеңімпаздар іріктеледі.

Байқау екі секцияға және бес жеке номинацияға бөлінген, бұл қатысушыларға белгіленген уақытқа дейін жобаларын дайындап үлгеруге мүмкіндік береді. Жұмыстарды халықаралық сарапшылар, режиссерлер, продюсерлер және creative tech-индустрия өкілдері бағалайды. Негізгі секцияда – 10, және  ашық секцияда - 15 үздік жұмыс таңдалады.

Айзатулла Хуссейн, Жобаның тең авторы:

- Бірінші - бұл тақырыптық санат, онда біз креаторлардың фестивальге арнап фильм жасағанын қалаймыз. Оларда екі жарым ай уақыт бар. Сондай-ақ, бізде open competition деп аталатын фильмдер бар. Бұл санатта бұрын басқа фестивальдарға қатысқан фильмдердің өз тәжірибесімен бөліскенін қалаймыз.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?