Қазақстан Үндістанға 40 түрлі тауарлық позиция бойынша 150 млн долларға
өнім жеткізу көлемін ұлғайтуға дайын. Бұл жөнінде еліміздің Үкімет басшысы
Олжас Бектенов Нью-Делиге жұмыс сапары аясында Үндістан Премьер-министрі
Нарендра Модимен кездесуде айтты. Тараптар сондай-ақ арадағы инвестициялар,
энергетика, ауыл шаруашылығы, цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы
ынтымақтастықты одан әрі дамытуды талқылды. Бұл ретте былтыр өзара тауар
айналымы 923 млн долларды құрағанын айта кету керек. Сапар аясында Олжас
Бектенов әлемнің 50 астам елінен мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ IT
сарапшылар жиналған India AI Impact Summit 2026 саммитіне қатысты.

