Қазақстандық монеталар халықаралық байқауда жоғары марапатқа ие болды. Еліміздің Ұлттық банкінің мәліметінше, «Монета жұлдыздары» мамандандырылған біріншілігіне 2023 жылы шығарылған ақша белгілері қатысты. Нәтижесінде «Балқаш алабұғасы» «Бірегей технология» санатында бірінші орынды иеленді. Ал «Қорқыт Ата» атты тиын «Монеталық классика» аталымында үздік үштікті тұйықтады. «Ай мен Күн» ақша белгісі «Кәдесый монетасы» номинациясында Лихтейнштейн валютасымен бірге үшінші орынды бөлісті.
Айта кетейік, биыл байқауға әлемнің 18 елінен түрлі монеталар үлгісі ұсынылды.