Қазақстанда келер жылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау, масс-медиа және акваөсіруге қатысты жаңа редакциядағы заң жобалары әзірленеді. Ел Үкіметі 2023 жылға арналған заң жобалау жоспарын бекітті. Сонымен бас-аяғы 34 құжат әзірленуде. Олардың 15-ін бірінші, ал қалған 19-ын екінші жартыжылдықта Парламенттің қарауына жіберу межеленген. Айта кетейік, құжаттардың дені Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруға бағытталған.
Қанат Мусин, ҚР Әділет министрі:
Қала құрылысы кодексі және Бюджет кодексі, жер қойнауын пайдалану, мемлекеттік жекешелік әріптестік, көші-қон, мемлекеттік сатып алу, салық салу, сондай-ақ әкімшілік әділет, қылмыстық қылмыстық-процестік және әкімшілік заңнамаларды жетілдіру заң жобаларын әзірлеу Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарынан
туындайды.