Семейде аутизме шалдыққан балаларды қолдау орталығы ашылды. Мамандар өңірде ерекше күтімді қажет ететін балалардың саны жыл өткен сайын көбейіп барады деп отыр. Былтырмен салыстырғанда, 40% артқан. Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрлан Уранхаев қатысты.