Парижде «Қазақстан киносы» фестивалі өтіп жатыр. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шара «Томирис» фильмімен ашылды. Бұл тарихи блокбастер Францияның үлкен экранында алғаш рет көрсетілді.
Арно Нгатча, Париж мэрінің орынбасары:
- Қазақстан киносының фестивалі – мәдени қарым-қатынасқа негізделген Париж бен Нұр-Сұлтан арасындағы ынтымақтастық келісімінің жалғасы.
Айжан Лайжи, актриса:
- Жұрт та, мен де үлкен экрандағы киноны, фестивальдерді, көрерменмен тікелей көрісуді қатты сағындық. Бұл шабыт алу, жаңа шығармашылық идеяларға қанығу, әлемдік үрдісті түсінуге өте маңызды.
Көрсетілімдер Страсбург, Брюссель және Люксембургте жоспарланған. 16 желтоқсанға дейін француз көрерменіне Сатыбалды Нарымбетовтің «Аманат», Әділхан Ержановтың «Сары мысық», Ермек Шынарбаевтың «Қазақ тілі сабақтары» туындылары, «Диор шабыты – Алла Ильчун» жайлы деректі фильм ұсынылады.
Андрэ Иванов, Қазақстан киносының француз қауымдастығының президенті:
- Франция түрлі елдің дарындарын бүкіл әлемге талай рет танытқан. Арасында мен дүниеге келген елдің азаматтары да бар. Канн, Везул, Кабург, Нант фестивальдерінің арқасында көптеген қазақстандық киномаманның Францияда, ал кейін өзге елдерде де атағы шықты.