Конфессияаралық келісімді қазақстандық тәжірибесі Прагада талқыланды. Дөңгелек үстел тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналды. Шараға қазақстандық және чех саясаткерлері, дипломаттар және ғалымдар, сондай-ақ дін өкілдері қатысты. Олар мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді, жалпыұлттық идея негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайту міндеттерін, дінаралық диалог пен өзара түсіністікті ілгерілетудегі азаматтық қоғамның өсіп келе жатқан рөлін қозғады. Қатысушылардың пікірінше, елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудің ең тиімді жүйесі құрылған. Кездесу аясында Қазақстан Елшілігі тәуелсіздік мерейтойына арналған тақырыптық фотокөрме ұйымдастырды.