Қазақстанда жалпы құны 87 трлн теңгеге жуық, 1,5 мың инвестициялық жобадан
тұратын пул жасақталды. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Бәйтерек»
ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма төрағасы баяндады. Рустам Қарағойшин холдингтің
жаңа жұмыс моделі туралы мәлімет берді. Ол «Инвестицияға тапсырыс»
қалыптастыру, ірі стратегиялық жобаларды сүйемелдеу, сондай-ақ шетелдік
инвестицияларды тарту тетіктерін дамытуды қарастырады. Кездесу соңында Мемлекет
басшысы инвестициялар тарту және экономиканың нақты секторын қаржыландыру аясын
кеңейтудің маңызын атап өтті.
Рустам Қарағойшин, «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингінің басқарма
төрағасы:
- Кездесу бойында «Бәйтерек» холдингінің 2025 жылдағы атқарылған жұмысының
ақпаратын баяндадым. Осы ақпарат бойынша қазіргі таңда 9 трлн теңгенің қолдауы
көрсетіліп жатыр «Бәйтерек» холдингінің тарапынан. Сол қолдаудың арқасында 25
мыңнан астам кіші және орта бизнес өкілдеріне көмек көрсетіліп, олардың
жобалары іске асырылды. Одан әрі айтып өткенде «Даму» қорының аясында екі
кепілдік беру қорының құрылғаны бойынша ақпарат берілді.

