Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 26 млрд доллардан асты

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 26 млрд доллардан асты

Қос тарап алдағы уақытта өзара сауда көлемін АҚШ валютасында 30 млрд-қа жеткізуге мүмкіндігі мол.  Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мәскеуге ресми сапары барысында мәлімдеді.

Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі:

- Өздеріңіз білесіздер, екі елдің үкіметтерінің алдында қос тарап басшыларының тиісті міндеті тұр. Бұл – Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының, сондай-ақ, өңіраралық ынтымақтастық форумдарының әлеуетін пайдалана отырып, біз оны әрі қарай жалғастыруды көздеп отырған қажырлы әрі өте маңызды жұмыс.

Тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының даму перспективаларына қатысты өзекті мәселелерді, сондай-ақ, интеграциялық бірлестіктер, оның ішінде ТМД, ЕАЭО, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберіндегі екіжақты ынтымақтастықты талқылады. Бұған қоса өңіраралық және шекара маңындағы өзара іс-қимылды нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту және түрлі салаларда бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?