Қазақстанның банк жүйесінің өтімді активтерінің және капиталының жеткілікті қоры бар. Бұл отандық қаржы институттарына өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі. Екінші деңгейдегі банктердің жоғары өтімді активтерінің сомасы шамамен 11 трлн теңгені құрайды. Сектор міндеттемелерінің құрылымы негізінен депозиттік портфельмен ұсынылған. Ол 77%-ке жуық. Сонымен қатар, 1 мамырдағы жағдай бойынша банк секторының капитал қоры заңнамада белгіленген нормативтерден айтарлықтай асып түседі. 2022 жылғы қаңтар-сәуір айларында қазақстандық банктердің таза пайдасы 375 млрд теңгені құрады.