Қазақстан мен Түркия Президенттеріне екі ел бірлесе іске асырып жатқан инвестициялық жобалар таныстырылды. Түрік компаниялары республикада бірқатар өнеркәсіптік нысандар салуға ниетті. Атап айтқанда кен байыту комбинаты, бидай мен асбұршақты терең өңдейтін зауыт, желатин және биологиялық белсенді қоспалар шығаратын заманауи өндірістер. Сондай-ақ Түрік инвесторлары Ақтөбе халықаралық әуежайы аумағында логистика орталығын салып жатыр. Осы жобалар аясында елімізге 920 млн доллардан астам инвестиция тартылмақ. Жалпы, бүгінде түрік бизнесінің қатысуымен елімізде 4 млрд долларға 100 инвестициялық жоба іске қосылды. Тағы 50 бастама жүзеге асырылуда.
Түркияда Қожа Ахмет Яссауи атындағы мектеп ашылды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бейнебайланыс
режимі арқылы Түркияда бой көтерген Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектептің ашылу
салтанатына қатысты. 2023 жылдың 6 ақпанындағы жойқын зілзаладан зардап шеккен
Газиантеп провинциясының Нурдагы қаласында жаңа мектеп салу бастамасын
Қазақстан Президенті көтергені белгілі. Білім ошағында 32 бастауыш және 4
мектепке дейінгі сынып қарастырылған. Мектеп аумағында амфитеатр, спорт және
балалар ойын алаңдары мен қазақтың ұлттық киіз үйі стилінде жасалған шатырлар
бар.

