Қазақстан ПТР тестілеуден өту талабын алып тастады

Қазақстанда шекарадан өтерде вакциналау паспорттары мен ПТР-анықтамаларын көрсету талабы алынып тасталады. Бұйрық 8 маусымнан бастап күшіне енеді. Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шара  елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты қабылданды. Сондай-ақ, Қазақстанның жеті облысында бұрын уақытша жабылған 12 автокөлік өткізу пункті жұмысын қайта бастайды.