Қазақстан Президентінің Жолдауы дүние жүзінде қызу талқылануда

Шетелдік сарапшылар ел дамуының жаңа бағытын белгілейтін стратегиялық құжатқа өз пікірлерін білдіріп, талдау жасады.

 

Атап айтқанда, Еуропаның жетекші басылымы Modern Diplomacy белгілі қаржы сарапшыларының бірі Люк Родехеффердің Қазақстанның жаңа экономикалық моделі шетелдік инвесторлар үшін ашық әрі тартымды бизнес-ортаны құруға бағытталғаны туралы мақаласын жариялады. Онда ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел үкіметі алдына экономиканың тұрақты өсімін 6-7% деңгейіне жеткізу мақсатын айтып, бұл 2029 жылға қарай ұлттық экономиканы екі есе ұлғайтып, 450 миллиард долларға жеткізуге мүмкіндік беретіні туралы жазды. Өршіл мақсат макроэкономикалық тұрақтылыққа берік ниетті көрсетеді. Соңғысы шетелдік инвесторлар жіті назар аударатын негізгі көрсеткіштердің бірі дейді сарапшы.

 

Өз кезегінде Италияның Il Giornale  газеті де Қазақстан Президентінің Жолдауына арналған мақаласында тың бастамаларды саралаумен қатар, мемлекет басшысы бастаған реформалардың кейбір нәтижелерін түйіндеді. Басылым республиканың цифрлық болашағына қатысты баға беріп, IT және қаржылық технологиялар саласында көшбасшы атануға ұмтылып жатқанын жазды. Мақала авторы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында Қазақстан осы салалардағы трансұлттық корпорациялармен әріптестік орнатуға дайын екені сөз етіп,  республика жаңартылатын энергия көздерін кеңейтуге және көлік инфрақұрылымын дамытуға да инвестиция тартып жатқанына ерекше тоқталған. Бұл бағыттар Астанаға Орталық Азияның экономикалық локомотиві мәртебесін түпкілікті бекітуге мүмкіндік береді.


Ал «Pakistan Today»  басылымы Қазақстан өзін әлемдік аренада беделді ойыншы ретінде танытып, сонымен бірге халқының өмір сүру сапасын жақсартып жатқанын атап өтті. Реформалардың сәтті жүзеге асуы елдің дамыған және әділетті болашаққа деген ұмтылысын көрсетеді. Мақала авторының айтуынша, мемлекет басшысының ауыр машина жасау және автоөндірісті оқшаулау сияқты салаларға баса мән беруі экономиканы жүйелі әртараптандыруға бағытталған нақты қадамдарын көрсетеді.