Қазақстандық шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Ақша Үкімет резервінен беріледі. Еліміздің Премьер-министрі тиісті қаулыға қол қойды. Бұл сома ағымдағы жылы көктемгі егіс пен орақ науқанында егін жинау жұмыстарын сапалы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге бағытталмақ. Сонымен қатар, оны отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жұмсау көзделген. Айта кетейік, құжат Мемлекет басшысының алдағы қауырт маусым мен астық жинау жұмыстарын жеңілдікпен қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында қабылданды.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

