Қазақстан Президенті жүк авиахабтарын дамыту міндетін қойды

Қазақстан Президенті жүк авиахабтарын дамыту міндетін қойды

Көлік-логистика саласы Мемлекет басшысының жеке бақылауында болады. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді. Ел үстімен өтетін жүк транзиті, негізінен, автомобиль және теміржол арқылы тасымалданады. Бірақ сарапшылар жыл өткен сайын «air cargo»-ның үлесі арта түседі деген болжам жасауда. 2040 жылға қарай әуе жүктерінің 20% «Азия – Еуропа» бағытына тиесілі болмақ. Сондықтан еліміз теміржолды, автокөлік жолын және әуе тасымалын қамтитын мультимодальді логистика жүйесін қалыптастыруы керек. Мемлекет басшысының пікірінше, негізгі әуежайларда толыққанды авиахаб қалыптастыру өте өзекті мәселе. Президент, сондай-ақ авиаотын мәселесін түбегейлі шешуді тапсырды. Осы орайда алдағы үш жылда еліміздің ішкі өндіріс көлемін арттыруды жүктеді. Сонымен қатар, ол елімізде авиация ғылыми-зерттеу институтын құрған және отынды сертификаттау зертханасын ашқан жөн деді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда да жақын арада алғашқы Ұлттық жүк авиакомпаниясы жұмыс істей бастайтынын тілге тиек етті. Бұған қоса, Мемлекет басшысы Үкіметке құрастырылғанына 25 жылдан асқан жүк ұшақтарына қойылған шектеуді алып тастау мәселесін мұқият қарастыруы ұсынды. FedEx әуе компаниясы ұшақтарының шығарылғанына орта есеппен – 28 жыл. Ал, Ұлыбританияның One Air әуе компаниясында 33 жылды құрайды. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке кадр даярлау жүйесін реформалауға қатысты нақты шаралар қабылдауды және халықаралық білім-ғылым мекемелерімен байланыс орнатуды, сондай-ақ біліктілікті арттыратын құзырет орталықтарын құруды тапсырды.  

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?