Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады

Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады

Қазақстанда егіннің 98 пайызы жиналып, 25 миллион тоннадан астам астық бастырылған. Президентке аграрлық саланы дамытудың биылғы 9 айдағы қорытындысы баяндалды. Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, биыл дихандар қант қызылшасының рекордтық көрсеткішін жинамақ: 1,2 миллион тонна. Бұған қоса 9 айда 796 мың тоннадан астам ет өндірілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 пайызға артық. Ал, сүт өндірісі  4,2 пайызға артты. Айдарбек Сапаров 2028 жылдың жұмыс жоспарымен таныстырды. Кездесу соңында Президент агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.