Қазақстан Президенті ұсынылған парламенттік жүйенің реформасына түсінік берді

Қазақстан Президенті ұсынылған парламенттік жүйенің реформасына түсінік берді

Қасым-Жомарт Тоқаев «Бейбітшілік пен құқыққа негізделген болашақ» атты конституциялық сот төрелігінің халықаралық форумына қатысушылармен кездесті. Оған Венеция комиссиясының президенті, БАӘ жоғарғы федералдық соты және Африка конституциялық юрисдикция органдары конференциясы мен Моңғолия конституциялық сотының төрағалары қатысты. Қазақстан Президенті өз Жолдауының мән-мазмұны жайында мәлімет берді. Мемлекет басшысы Парламент жүйесінде орын алатын өзгерістерге жіті тоқталды. Бұл реформа саяси жүйеміздің институционалды базасын нығайтуды көздейді. Осы ретте  Парламенттік республикаға айналу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты сақталатынын атап өтті. Жалпыұлттық референдум өткізу туралы ұсыныс бұл тұжырымдаманың өміршеңдігін көрсетеді. Еліміздің болашағына қатысты шешімдерді бірлесіп қабылдауды қажет етеді деді, Президент. Шетелдік сот және конституциялық органдардың басшылары елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларды жоғары бағалап, Қазақстанның халықаралық қоғамдастықпен белсенді ынтымақтастығын атап өтті.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?