Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада бірқатар спорт нысанын аралады. Әуелі Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде болды. Мұнда түрлі деңгейдегі спорттық іс-шаралар, сондай-ақ халыққа арналған сауықтыру және демалыс бағдарламалары ұйымдастырылады. Нысан аумағында футзал, волейбол мен баскетбол алаңдары, бокс, дзюдо, қазақ күресі және басқа да спорт түрлерімен шұғылдануға арналған жекпе-жек залдары бар. Президент бұқаралық спортты дамыту үшін осындай кешендерді көптеп салу қажет екенін айтты. Сондай-ақ, жас боксшылармен және футболшылармен әңгімелесті.
- Мен команданың капитанымын. Біз алдағы уақытта Қазақстан чемпионатына дайындалудамыз.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:
– Ә, дұрыс!
– Футбол бізді тек қана ойнауға ғана емес, еңбекқорлыққа және достыққа үйретеді. Болашағымыздағы мақсатымыз – Қазақстан құрамасына кіріп, әлем чемпионын ұту. Сізбен көріскенмізге қуаныштымыз.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:
– Арманың дұрыс екен!.
Мемлекет басшысы «Дәулет» теннис орталығына да барды. Мұнда 600 бала, олардың ішінде 85 оқушы бюджет есебінен жаттығады. Сондай-ақ, 57 спорттық-сауықтыру тобы жұмыс істейді. Орталық – елордадағы балалар ең көп баратын, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар спортшыларды да қамтитын әлеуметтік-спорттық нысандардың бірі.
- Тенниске бес жастан бастап қатысамын. Теннис спорты маған қатты ұнайды. Республикалық турнирдің жеңімпазымын. Теннистен үшінші дәрежедегі жасөспірімдер рязрядым бар. Болашақ мақсатым – елімді әлемге таныту.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:
– Жарайсың!.

