Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-Министріне жеделхат жолдады. Қасым-Жомарт
Тоқаев Нарендра Модиді осындай аса жоғары лауазымға қайта сайлану Нарендра
Модидің көреген саясатына деген Үндістан халқының берік сенімі мен қолдауының
дәлелі екенін атап өтті. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан
Үндістанмен арадағы ұзақ жылғы стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Екі
ел ынтымақтастығы халықтарымыздың берік достығына, ортақ құндылықтарға және
тығыз қарым-қатынасқа негізделгенін атап өтті.