Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті

Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысында Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Президенттері және Армения Вице-премьері сыртқы сауда, жасанды интеллектіні дамыту бастамаларына қатысты маңызды мәселелерді талқылады. Аталған жиын Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтті. Мемлекет басшысы бүгінгі күннің символикалық мәніне назар аударды. Дәл осы күні, яғни, 2014 жылы 29 мамырда Қазақстан елордасында Еуразия экономикалық одағы туралы шартқа қол қойылған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Одақ құрылған сәттен бері еуразиялық «бестіктің» басты ынтымақтастық алаңына айналды. Осыған орай барша әріптесімді Еуразиялық экономикалық одақ күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бірлестік одан әрі дамып, елдеріміз бен халықтарымыздың игілігіне қызмет ете берсін!

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?