Қазақстан
Президенті Душанбе қаласына сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты халықаралық әуежайда Тәжікстан Премьер-министрі қарсы алды. Сапар аясында Мемлекет
басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізеді және «Орталық
Азия – Ресей» саммитіне қатысады. Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің ТМД
мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысуы жоспарланған.

