Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері
Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында
Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы аймақтық қана емес, жаһандық қауіпсіздік пен
тұрақтылыққа орасан қатер төндіретініне назар аударылды. Сондай-ақ тараптар қақтығысқа
қатыспаған елдердің аумағына шабуылдардың жалғасуы мұсылман үмбетінің өзара
құрмет пен төзімділік танытатын айында орын алғанына қынжылатындарын жеткізді.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарымызды Қазақстанға эвакуациялауға
көмектескен Корольдік Үкіметіне алғыс айтты.

