Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады

Қазақстан Президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады

Қазақстан Президентіне Мемлекеттік қызмет істері агенттігі былтыр атқарған қызметінің қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде оның төрағасы баяндады. Дархан Жазықбайдың айтуынша, елімізде кадрлық үдерістерді цифрландыру, соның ішінде eQyzmet жүйесін кең қолданысқа енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Ол біліктілік талаптарына сәйкес әлеуетті кандидаттардың деректер базасын қалыптастырады. Сондай-ақ электронды жеке істер негізінде басшылық лауазымдардыға үміткерлердің рейтингін жасақтауға жол ашатын «Персоналды іріктеу» функционалы іске қосылды. Бірыңғай деректер жүйесіне 19 ұйым енген. Биыл тағы 2 жарым мыңға жуығы қосылмақ.

Дархан Жазықбай,  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

- Қазір мемлекеттік қызметті дамыту Тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін заң жобасы әзерленіп жатыр. Оның аясында бірыңғай кадр жүйесін масштабтау, ерте кәсіби бағдар беру институтын қалыптастыру, адами ресурсты басқаруда жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану. Мелекеттік қызметкерлері үшін горизонталды өсу мүмкіндігін еңгізу жоспарлануда.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?