Қазақстан Президенті Грузия Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

Қазақстан Президенті Грузия Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

Грузия - Қазақстанның Кавказ аймағындағы сенімді серіктесі. Қос тарапты өзара достық пен тығыз тарихи тамырластық байланыстырады. Бұл жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесуде айтты. Қазақстан Президенті, сондай-ақ мемлекеттер түрлі деңгейде, атап айтқанда, парламенттер, үкіметтік және мемлекеттік органдар арасында тиімді ынтымақтастық орнатқанын тілге тиек етті. Өз кезегінде Грузия Үкіметінің басшысы қызметке кіріскеннен кейінгі алғашқы шетелдік сапарларының бірін Қазақстанға арнағанын жеткізді. Ираклий Кобахидзенің айтуынша, Грузия Қазақстанмен түрлі форматта, оның ішінде көпжақты алаңдарда көпжоспарлы ықпалдастықты нығайтуға баса мән береді. Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша өтетін жүк тасымалы көлемін арттыруға және транзит дәлізінің инфрақұрылымын жаңғыртуға ерекше назар аударды. Ираклий Кобахидзе Қазақстан Президентін Грузияға сапармен келуге шақырды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?