Қазақстан Президенті елордадағы бірқатар нысанды аралады

Қазақстан Президенті елордадағы бірқатар нысанды аралады

Қазақстан Республикасы Президенті Архиві Алматыдан Астанаға көшірілді. Қасым-Жомарт Тоқаев мұрағаттың жаңа ғимаратына барды. Оның қорында Қазақстанның 1918 жылдан бергі саяси тарихы, мемлекет ретінде қалыптасуы, сыртқы және ішкі саясаты және реформалары жинақталған. Бұл ел тарихына қатысты құжаттар сақталатын орын ғана емес, білім және ғылыми-әдістемелік кешен ретінде қызмет көрсететін Орталық Азиядағы алғашқы архив болмақ. Арнаулы ғимаратта мұрағат қоймасы, зертханалар, интерактивті экспозиция және оқырман залдары, жұмыс бөлмелері мен әкімшілік аумақ орналасқан. Мұндағы 24 мұрағат қоймасы қағаз жүзіндегі құжаттарды, дыбыстық-бейнелік жазбаларды және электрондық құжаттарды сақтандыру қорын орналастыруға арналған.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ ұлттық өнер университетінде қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Бас ғимараттың көлемі 10 мың шаршы метрге ұлғайып, 38 мың шаршы метрге жуықтаған. Ауқымды іс-шаралар өткізетін 1100 орындық үлкен концерт залы,  академиялық музыкаға арналған камералық зал, дайындық студиялары, студенттер мен суретшілердің туындылары қойылатын көрме галереялары пайдалануға беріледі. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?