Қазақстан Президенті Әзербайжанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Қазақстан Президенті Әзербайжанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Қазақстан Президенті мен Әзербайжанның Сыртқы істер министрі ауқымды стратегиялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Джейхун Байрамовқа ілтипат білдіріп, сан қырлы мемлекетаралық байланысты одан әрі нығайту тұрғысынан бұл кездесудің маңызын атап өтті. Жалпы Мемлекет басшысы мен сыртқы саясат ведомствасының жетекшісі Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық байланыс пен суасты электр желісін тарту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, тараптар сауда, инвестиция, цифрландыру, көлік-транзит салаларында өзара ықпалдастықты одан әрі жандандыру әлеуетін қарастырды. Президент әңгімелесу барысында Қазақстанның Әзербайжан елін сенімді стратегиялық серіктес және одақтас ретінде қарастыратынын жеткізді. Өз кезегінде Джейхун Байрамов дәстүрлі түрде қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Сондай-ақ, мейман орайлы сәтті пайдалана отырып, әзербайжандық әуе желісіне тиесілі ұшақтың Ақтаудағы апаты кезінде жедел көмек көрсеткені үшін Қазақстан тарапына Президент Ильхам Әлиев пен Әзербайжан халқының атынан алғыс айтты.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?