Франция астанасы мен Еуропаның басқа да елдерінің шоурумдарында қазақстандық киімдер пайда болуы мүмкін. Парижде өткен сән апталығында дизайнер Айдана Омарова «Бақыт түстері» деп аталатын топтамасымен ел намысын қорғады. Осы сала кәсіпқойларының айтуынша, Айдана өз топтамасында көлемді киім, неон түстері, ерекше пішін секілді сәннің бүкіл трендін барынша қолданған. «Осы подиумда ұсынылған киімдер алдағы күз бен қыс маусымдарына арналған», – дейді әлемдік дизайнерлер.
Кеина, стилист, «Posture» агенттігінің негізін қалаушы:
- Киімдердің Еуропада және өзге елдерде де өзіндік орны бар деп санаймын. Бұл бренд бірнеше мәдениетті біріктіреді, себебі әр адам мұнда өзіне жарасатын заттарды таба алады.
Марсела Сантамария, радиожүргізуші:
- Дәл қазір дизайнердің инстаграмын қарап отырмын. Жұмысы керемет, өзі де өте дарынды екен. Өзге елдердің дизайнерлері жетістікке жету үшін Парижге келетініне ризамын.