Карантин уақытында кімдер жұмыссыз қалды? Былтыр елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,9% болды. Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттіктің Ұлттық статистика бюросы осы жөнінде толық ақпарат берді.
«2020 жылы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі небәрі 0,1% артқан. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары басқа елдерді талдай келіп, біздегі жұмыссыздық деңгейі әлемдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі екенін айтқан. Мәселен, АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі соңғы жылы шамамен 4,5% артқан. Канадада жұмыссыздық 9,6% жеткен. Испанияда 15,5% бірақ шыққан. ТМД-ның басқа елдерінде де жағдай мәз емес. Оларда жұмыссыздық деңгейінің жылдық өсімі біздегіден әлдеқайда көп.
Атап өтейік, карантинде көлік, өнер, ойын-сауық, әкімшілік және көмекші қызмет көрсету, тамақтану салаларының қызметкерлері жұмыссыз қалған.
Биыл жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі бекітілген көрсеткіштен 0,3% артып, 3,1% деңгейінде болады деп болжануда. Инфляция деңгейі 4-6% аралығында сақталып отыр. Жалпы бюджеттің кірісінде де, шығысында да өсім болады деп күтілуде. Елде автомобиль жолдарын дамытуға, «Ауыл – ел бесігі» жобасын одан әрі іске асыруға, экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларындағы кәсіпкерлікті қолдауға, «Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыруға және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қосымша қаражат бөлінетін болады. Пандемиямен күреске бағытталатын қосымша қаржы дәрігерлерге үстемеақы және медициналық қызметтердің ақысын төлеуге жұмсалады. Сонымен қатар әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге, су тасқынына қарсы іс-шараларға, су жүйелерінің құрылысы мен оларды жаңғыртуға да қаржы бөлу жоспарланған.
Ақпарат көзі: 24.kz